115Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Бүгін Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің білім алушыларына Облыстық жастар ресурстық орталығы КММ, жас отбасылар мен жұмыс жасау үшін және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Әбіл Серік Ертарғынұлы және орталық маманы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, жастар арасындағы өзекті мәселенің бірі лудомания туралы ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барынында студенттер мамандарға өз сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын білдірді.

116

117